Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және азаматтарды, әсіресе жастарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға бағытталды. Іс-шара қоғамда экологиялық сананы нығайтып, туған жер табиғатына деген жанашырлық көзқарасты қалыптастыруды көздеді.
«ECORace» шарасы Балқаш көлінің жағалауында өтіп, көпшіліктің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Шара барысында арнайы белгіленген старт нүктесінде қатысушыларға экологиялық акцияның мақсаты мен маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілді. Әрбір қатысушыға қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған арнайы қаптар салынған қаптар табысталды.
Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша ұйымшылдықпен қозғалып, көл жағалауы мен жол бойындағы қоқыстарды жинап, оларды финиш нүктесіне жеткізіп тапсырды. Нәтижесінде, автомобиль жолы мен жаңалаудың бойы айтарлықтай тазартылып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.
Табиғатты қорғауға деген ортақ ұмтылыс, бірлік пен ынтымақтастық іс-шараның басты жетістіктерінің біріне айналды. Қатысушылар өздерінің туған жеріне деген жанашырлығын іс жүзінде көрсетіп, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.
- Бұл шара қоршаған ортаны қорғау тек бір реттік акция емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін айқындаған маңызды бастама болды. Сонымен қатар, жоба демалыс аймақтарын таза ұстауға, табиғатты құрметтеуге және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. «ECORace» экологиялық шарасы «Таза Қазақстан» идеологиясын кеңінен дәріптеп, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосты, – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті
Жетісуда домбырашылар әлемнің 10 елінің музыканттарымен бірге тікелей эфирде «Әлқисса» күйін орындады
