Минабтағы мектепке шабуыл. Қаза тапқан 34 оқушының мәйіт қалдықтары жерленді

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yytSgPOITKAHwJY3T5G9gv2q4eyIUHnceADFCUX9.jpg

Иранның Хормозган провинциясындағы Минаб қаласында бастауыш мектепке жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан оқушыладың мәйіт қалдықтарын жерлеу рәсімі өтті. Бұл туралы Tasnim News агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Агенттіктің мәліметінше, жерлеу рәсімінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында табылған 68 сүйек қалдығы жер қойнына тапсырылды. Сараптама нәтижесінде олардың Минаб қаласындағы «Шажаре-йе Таййебе» бастауыш қыздар мектебінде қаза тапқан 34 оқушы қызға тиесілі екені анықталған.

Иран билігінің мәліметіне сәйкес, мектепке жасалған зымыран соққысы 2026 жылғы 28 ақпанда, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталған күні тіркелген.

Ресми ақпарат бойынша, шабуыл салдарынан 170-тен астам адам көз жұмған. Қаза болғандардың басым бөлігін аталған мектептің оқушылары құраған.

Иран билігі бұл оқиғаны ел тарихындағы ең ауыр гуманитарлық қасіреттердің бірі ретінде бағалап отыр. Тергеу және іздестіру жұмыстарының нәтижесінде табылған сүйек қалдықтары арнайы рәсіммен жерленді.

 

Пікірлер