Вьетнамның Донгнай қаласында пенчак силаттан ересектер арасындағы X Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Құрлық біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды.
Райымбек Орынбай (тандинг, 95 кг) чемпионатта жеңіске жетті. Ал Назерке Темірғалиева (тандинг, 75 кг), Мереке Жүнісова (тандинг, 85 кг), Захар Рябов (тандинг, 110 кг), Регина Трайзе (тандинг, 80 кг) күмісті иеленген. Регина Трайзе (регу бағдарламасы), Диана Юсубова (тандинг және регу, 100 кг), Аружан Сайлау (тандинг және регу, 45 кг), Рахымжан Оразқұлов (тандинг, 60 кг), Саид Қасымов (тандинг, 65 кг), Ілияс Хасимжанов (тандинг, 75 кг), Қуандық Маликов (тандинг, 90 кг), Әсия Жайық (тандинг, 50 кг), Ақнұр-Айым Исмурзина (тандинг, 65 кг), Арай Аманбай (тандинг, 60 кг), Күндиас Сағындықова (тандинг, +100 кг) қола жүлде жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы X Азия чемпионатын жалпы 18 медальмен (1 алтын, 4 күміс, 13 қола) аяқтады.
