Билл Гейтс Моңғолияға, Баян-Өлгийге бейресми сапармен барды

212
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1lPiYB3T0UxozH5wUMyLJ7z0Nh7QGyopj53BWw0J.jpg

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, миллиардер Билл Гейтс өткен аптада Моңғолияға барып, Баян-Өлгий, Дундговь және Дорнод аймақтарына сапар шекті. Бұл туралы MongolianNews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми дереккөздердің мәліметінше, кәсіпкердің жеке ұшағы 9 тамызда ел астанасындағы Буянт-Ухаа әуежайына қонған.

«Билл Гейтс Моңғолияға  серіктерімен бірге келген. Қазіргі уақытта ол елдің батысындағы Баян-Өлгий аймағында жүр. Бекітілген маршрутқа сәйкес, миллиардер бұдан кейін орталықтағы Дундговь өңіріне және шығыстағы Дорнод аймағына баруды жоспарлап отыр»,–делінген хабарламада.

Әзірге Билл Гейтстің Моңғолияға сапарының нақты мақсаты мен оның қашан аяқталатыны жарияланған жоқ.

Миллиардер Моңғолияға өзінің флагмандық Gulfstream G650ER алыс қашықтыққа арналған бизнес-джетімен келген. Ұшақ N887GV тіркеу нөмірімен (сериялық нөмірі – 6357) Mente LLC компаниясының атына рәсімделген. Бұл компания Билл Гейтстің әуе паркін басқарады.

Пікірлер