Іле Алатауының көптеген шыңдары тарихи-халықтық атауын жоғалтқан

232
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UqvdohpUeZfdAHsRTp5rYHBtckzZgjEJIGBHvoOy.jpg

Бүгін Алатауға қарап тұрып, экономика ғылымдарының докторы, профессор, көптеген жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс берген Алғатбек Қыдырбекұлы ағамен жер-су атауларының тарихи негіздері туралы әңгімелестік.

Іле Алатауының көптеген шыңдары тарихи-халықтық атауын жоғалтқан.

Мәселен, Алғатбек ағаның айтуынша, Іле Алатауындағы танымал шыңдардың бірі Каменский - Жайнақ, Орджоникидзе - Аюлы, Мохнатка-Құндызбөрік, Пила-Ожар, Үлкен Алматы - Найзақара шыңы деп аталған (өкінішке орай, бұл тарихи атауларды картадан таппаймыз).

Ал біз тұрған Жұмағали Сайын мен Мөңке би қиылысынан басталатын төбе (Alatau Park) Көкдөң аталыпты (қазір бұл атау халық арасында ұмыт болған, әрі картаға жазылмаған).

Тағы бір қызық дерек айтылып қалды.

Қаскелең өзенің таудағы бастауы - Қасқасу, ал елді-мекеннен ағып өтетін тұсын Қасқаөлең. Алғатбек ағаның айтуынша, өлең шөптің қалыңы өскенін білдіреді. "Өлеңді жерде өгіз семіреді" дегені – құнарлы жердің малға пайда әкелетіндігін білдірген.

Ол Есікбасы шыңын Есікті деп атау керек дейді.

Қазақ халқының дүниетанымында шыңдар, өзендер атауы көп жағдайда жердің бедері мен бейнесі негізінде қойылған дейді Алғатбек аға. Себебі, Сарыжалақ, Жосалы кезең, Жасыл көл, Найзақара, Жолбарысты, Ескідариялық, Қуаңдариялық. Мәселен, Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылын бұрын Қуаңсаз деп атаған дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар