Азиада-2026. Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды велошабандоз салды

467
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cMqVj72OQ7PQlx2AeFakr1iI9DzCAiiMWP6Fvy4k.jpg

фото:Туризм және спорт министрлігі 

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол әйелдер арасындағы тасжолдағы велоспорттан жеке жарыста топ жарып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Бұл туралы 20 қыркүйек күні ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Рината Сұлтанова жарыстың алғашқы күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын жүлде есебін ашты», – делінген хабарламада.

Спортшы қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырды. Осы нәтижесімен ол Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Күміс медаль Қытай спортшысы Чжан Хаоға бұйырды. Ол жарысты 36 минут 28,40 секундта аяқтады. Ал Оңтүстік Корея өкілі Син Джиын 36 минут 56,14 секунд нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.

Рината Сұлтанованың жеңісі Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы алтын медаль есебін ашты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы медалін жеңіп алған еді. Арлан Жанабай ерлер арасындағы триатлоннан жеке жарыста қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан спортшыларының қоржынына алтын және қола медаль түсті.

Пікірлер