Елшілікпен байланысы бар. Иран Тегерандағы француз тілі орталығын жапты

154
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WCqbG72LhZBDg1Ydhj3xvw0aJG4hGkPUSKwHCIAa.webp

Фото: NCRI

Иран билігі Тегерандағы Француз тілі орталығының (CLF) жұмысын тоқтатты. Орталық Франция елшілігімен байланысты мекеме ретінде белгілі. Бұл туралы Caliber.Az бразилиялық The Rio Times интернет-басылымына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Иран сот органдарының мәліметінше, орталық бірнеше жыл бойы тіл курстарын өткізіп келген, алайда қажетті лицензияны алмаған. Тегеран прокуратурасы мекеменің сот шешімі негізінде жабылғанын хабарлады.

Иран билігі CLF-ті ұлттық қауіпсіздікке және елдің мәдени құндылықтарына қайшы қызмет жүргізді деп айыптады. Ресми мәлімдемеде орталықтың қоғамдағы ықпалды топ өкілдерімен байланыс орнатып, олардың арасында желілер қалыптастырғаны және білікті ирандықтардың шетелге кетуіне ықпал еткені айтылған.

Францияның Сыртқы істер министрлігі орталықтың жабылуына наразылық білдірді. Париж бұл шешімге байланысты тиісті жауап шараларын қабылдайтынын және Иран елшісін шақыратынын мәлімдеді.

Франция мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар соңғы айларда бірнеше рет шиеленісті. Шілде айында Иран билігі Франция елшілігінің екі қызметкерін бірнеше сағатқа ұстаған. Франция бұл әрекетті дипломатиялық иммунитеттің бұзылуы деп бағалады.

Тамызда Париж аталған оқиғаға жауап ретінде екі ирандық дипломатты елден шығаратынын хабарлады.

Пікірлер