Фото: Yonhap.news
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Білім министрі Чхве Гё Чжиннің отставкасын қабылдады. Бұған мемлекеттік бітіру емтихандарында жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен көшірудің алдын алу шаралары жеткіліксіз болғаны туралы қоғамның наразылығы себеп болды, деп хабарайды "Адырна".
Мемлекет басшысының әкімшілігі министрдің өз еркімен қызметінен кетуге өтініш білдіргенін хабарлады.
«Президент Ли Чжэ Мёнге Білім министрі Чхве Гё Чжиннің қызметінен кетуге ниет білдіргені туралы баяндалды. Президент оның отставкасын қабылдады. Енді Білім министрі лауазымына үміткерлерді іріктеу басталады», – деп хабарлады мемлекет басшысының әкімшілігі.
Сонымен қатар президент премьер-министр Хан Сон Сукке емтихандарда білімді әділ бағалауды қамтамасыз ететін қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды.
Бұған дейін Чхве Гё Чжин билік тестілеу кезінде жасанды интеллектіні пайдалану қаупіне алдын ала дайындалмағанын мойындаған. Оның айтуынша, емтихан өткізу тәртібіне соңғы сәтте енгізілген өзгерістер қатысушылар арасында түсінбеушілік пен қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, 19 қарашада Оңтүстік Кореяда мектеп бітірушілерге арналған бірыңғай мемлекеттік емтихан өткен. Биыл тестілеу кезінде жасанды интеллектіні жаппай пайдалану мүмкіндігі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызған. Әсіресе, мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің жеткіліксіздігі сынға ұшырады.
Бұған дейін, 15 қарашада салық кеңесшілеріне арналған емтиханда ең жоғары нәтиже көрсеткен үміткердің шағын камера мен жасанды интеллектіні пайдаланып, тест тапсырғаны анықталған. Кейін ол бұл әрекетін өзі мойындаған. Бұл оқиға емтихан кезіндегі бақылау жүйесіне қатысты пікірталасты күшейтті.
