Қазақстанда ғимараттар мен қоғамдық нысандарға заңсыз салынған суреттер мен жазуларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды "Адырна".
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі күн ішінде 524 рейд пен тексеру ұйымдастырылып, 2,3 мыңнан астам заңсыз граффити анықталған.
Анықталған деректердің тоғызы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Олар ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да қоғамдық орындарды қорлау фактілеріне қатысты.
Сонымен қатар Шымкент қаласында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Заңсыз граффитиге қатысты бақылау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық ғимараттарға суреттер мен жазуларды заңсыз салуға жол бермеу туралы тапсырмасынан кейін күшейтілді.
Бұған дейін депутаттар граффити жиі салынатын орындардың арнайы картасын әзірлеуді ұсынған. Мұндай аумақтарда патрульдеу мен бейнебақылауды күшейту, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізу ұсынылды.
Сонымен бірге стрит-арт өкілдеріне шығармашылық жұмыстарын заң аясында орындауға мүмкіндік беретін арнайы алаңдар белгілеу мәселесі де қарастырылып жатыр.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру. Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
