Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жойылды

279
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Me1U7cP98LRsNVT9pZNUZGPSnEtpYKAs8845f4oJ.webp

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы спорттық жүрістен көрсеткен жеңісті нәтижесінің күші жойылды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік. Осындай өткінші эмоциялар үшін кешірім сұраймын. Мен елге алтын медаль сыйлауды қатты қаладым. Бірақ Құдайдың жазғаны басқа болды. Бұл жағдай мені арманымнан бас тартқыза алмайды. Соңына дейін мен үшін күрескен барлық қаһарманыма алғыс айтамын. Бүгін мені мың бөлшекке бөліп тастады», – деді ол.

Десе де, Дүниежүзілік жеңіл атлетика федерациясының төрешілер комитеті бұл мәселеге қатысты тексерудің аяқталғанын әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.

Еске салайық, қазақстандық спортшының алтын медаліне қатысты наразылық оның жарыс кезіндегі аяқ киіміне байланысты түскен. Қарсыластары Тоқсанбаева киген кроссовка үлгісінің World Athletics ұйымы бекіткен рұқсат етілген аяқ киімдер тізіміне сәйкестігіне күмән келтірген болатын.

Пікірлер