Президент Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін ұсынды

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WOvdsh1qS5sE6cQS2z2lGx5q5mAzIpkMXLYgYKyS.webp

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа тетіктерін әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл мәселені Мемлекет басшысы Түрікменстанда өткен Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуінде көтерді.

Президенттің айтуынша, су проблемасы – Орталық Азияның тұрақтылығына қауіп төндіретін басты сын-қатерлердің бірі. Сондықтан аймақтағы мемлекеттер су ресурстарын басқаруда өзара құрмет пен теңқұқылық қағидаттарын басшылыққа алып, барлық елдің мүддесін ескеруі керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын қабылдауды ұсынды. Оның пікірінше, бұл құжат өңірлік ынтымақтастықтың жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашады. Конвенция жобасы тараптардың қарауына ұсынылған. Сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының өзектілігін атап өтті. Қазақстан Президенті бұл бастаманы Орталық Азия елдерінің ортақ ұстанымы ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызын айтты.

Кездесуде бұдан бөлек, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, инфрақұрылымдық жобалар толық іске асса, 2040 жылға қарай Каспий теңізі арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін.

Пікірлер