39,9 млрд теңгелік BRT жобасы қайта қаралып жатыр

142
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b6NtlSTpA7mjf2r3hgLqkxid1VglHRyeu2HdUhmw.png

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Алматыдағы Райымбек даңғылы бойында салынатын BRT желісінің жобасы қайта түзетіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews-ке сілтеп. 

Құны 39,9 миллиард теңгеге бағаланған жобаның бірқатар жұмысы болашақ Almaty SkyTrain құрылысына байланысты уақытша тоқтатылады.

Ұзындығы 16,5 шақырым болатын BRT желісінің құрамына қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар мен жаңа аялдамалар кіреді. Қазір мамандар полициямен бірлесіп, даңғыл бойындағы қозғалыс сызбасын қайта қарастыруда. Арнайы жолақтарды жолдың шетіне орналастыру мәселесі талқыланады.

Бұған дейін жобаны 2026 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған еді. Наурызда оның дайындық деңгейі 37 пайыз деп бағаланған. Алайда қазір басқарма құрылыстың аяқталу мерзімін нақтыламады.

Пікірлер