Тұрғын үйдің қасбетіне қолтаңбасын қалдырған қыз қамалды

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7mvhETuQInmezsi1fU8IZmjtqzpOBQLTWf9tEj6B.webp

Алматыда тұрғын үйдің қабырғасына жазу жазған қыз бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Назарбаев даңғылындағы «Райымбек» тұрғын үй кешенінде кешкі уақытта болған. Жетісу ауданының полиция басқармасы қызметкерлері ғимараттың қабырғасына жазу жазған қызды анықтады.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдаған. Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған бес тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция өкілдері тұрғын үйлердің қабырғалары, кіреберістері мен қоғамдық орындар ортақ мүлік саналатынын еске салды. Ведомство мұндай әрекеттер мүліктің бүлінуіне және тұрғындарға қосымша шығын келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Осындай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген.

Пікірлер