Есігі жоқ көлікпен жүрген жүргізушіге айыппұл салынды

161
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2nRlpAgs2ZtTKcfRrh2vtsy8s5DpgwHf3D5sN9pU.jpg

Тараз қаласында алдыңғы сол жақ есігі жоқ Volkswagen автокөлігін басқарған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна".

Ол көлікті жөндеу орнына жеткізбек болған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері Төле би даңғылында қозғалып бара жатқан есігі жоқ автокөлікті байқап, жүргізушіні тоқтатқан.

Полиция мәліметінше, көлік ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай, бір орында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізу үшін эвакуатор шақырмай, өздігінен жүргізіп баруды ұйғарған.

Алайда мұндай техникалық ақауы бар көлікті басқару жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Осыған байланысты жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 615 теңге айыппұл салынды.

Полиция өкілдері техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті жөндеу орнына эвакуатормен жеткізу қажеттігін ескертті. Бұл жүргізушінің де, өзге жол қозғалысына қатысушылардың да қауіпсіздігі үшін маңызды.

Пікірлер