"Адамның басын айналдырмаңдар": Жаңбыршин Мусинге өткір сұрақ қойып, састырды (ВИДЕО)

4830
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин министр Бағдат Мусинге өткір сұрақтар қойып, састырды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Құрметті, Бағдат Батырбекұлы! Сіз асықпай-аптықпай қысқа және нұсқа жауап беріңіз. Біздің уақытымызды алмаңыз. Бұл жерде ешкім ойнап отырған жоқ. Сондықтан сіздерге нақты сұрақ береді, нақты жауап береңіздер. Не зат мынау? Басың бастайсыз, аяғы жоқ.  Келдіңіздер ме Парламентке, дұрыстап жауап беріңіздер. Адамның басын айналдырмаңдар", - деді депутат. 

Депутаттың айтуынша, туристік нысандарда мобильдік байланыс жоқтың қасы.

"Бізде байланысты қажет ететін нысандар бар. Мысалы туристік инфроқұрылымдар. Қазір өзіңіз білесіз. Біздің елімізде туристік поток көп. Ондай маршруттарда визит-орталықтар салынып жатыр. Әртүрлі қорықтар мен ұлттық парктер бар. Ол жерге көптеген адамдар барады. Ал енді сол жердегі мәселе ушығып тұр. Неге мен мұны айтып отырмын? Бұл коммерциялық жағынан емес. Жалпы адамның қауіпсіздік мәселесіне байланысты. Машина бұзылып қалуы мүмкін. Адам ауырып қалуы мүмкін. Әр түрлі жағдайлар болып қалуы мүмкін. Ол жерлерде бізде байланыс жоқ.  Қазақстан туристік инфроқұрылымына байланысты қандай жоспарларыңыз бар? Байланыспен қалай қамтамасыз етейін деп отырсыз? Қандай қаражат есебіне және қандай технологиялар қолданылады? Жақында сіз Премьер-министрге баяндаған ұлттық жобада осы айтылған мәселелер қамтылған ба? Маған нақты айтыңыз", - деп сұрады Еділ Жаңбыршин министрден.

Министр депутаттың сұрақтарына толық жауап бере алмай, әбден састы.

"Қамтылған. Туристік нысандар 2027 жылға дейін толығымен интернетпен қамтылатын болады. Ұлттық жоба талқыланып, бекітілсе, қаражат бөлінсе, туристік нысандардың барлығы да интернетпен қамтамасыз етілетін болады. Әрбір жерде әртүрлі технологиялар қолданылатын болады. Көбінесе 4G технологиясы. Егер оған дейін оптика желілері бара алмайтын болса, спутниктік технологиялар қосатын боламыз.  Бұның коммерциялық көзі болмағандықтан бұл шығындардың барлығы бюджет есебенінен қаржыландырылуы тиіс", - деп қобалжыды министр.

Пікірлер