Түркістан облысында ауыл әкімі су ортасында қалған жүкті әйел мен баланы беліне арқан байлап қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыс әкімдігі оқиғаның Бәйдібек ауданындағы Шаян-Мыңбұлақ автожолында болғанын айтты. ВАЗ-2106 автокөлігі қырдан аққан ағын судың әсерінен жолдан шығып кеткен.
«Көлікте 39 жастағы ер азамат, 33 жасар жүкті әйел және 7 жасар бала болған. Оларды Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап, су ортасынан алып шықты. Қазір әйел мен бала аудандық ауруханада дәрігерлердің бақылауында»,—деді ведомство.
<