Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы ол Үкімет қаулысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстандықтар кейбір аймақтарда интернеттің баяулығына,нашар байланыс пен жаһандық желілерге мүлде қосылмайтынын айтып шағымдануда. Ал министр елімізде интернеттің сапасы жақсы және бәрі сәйкес келеді деп есептейді.
«Қандай да бір статистика келтірсем, Қазақстан интернет бағасы бойынша соңғы орындарда тұр. Сапасы бойынша да ең үздігі емеспіз, орташамыз деп айтуға болады. Жеке өзіме елдегі интернет ұнайды, өйткені көптеген елге сапарлап барғанда ондағы байланыстың жай-күйін көріп жүрмін. Менің пікірімше, Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар», - деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында.Сонымен бірге, министр елдегі интернет бағасы нарыққа тікелей байланысты екенін, ведомство тарифты реттемейтінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Енді үкімет жиынына есеп беретін министрлер ғана келеді, қалғаны онлайн қатысады. Бұл - сөз бостандығына шектеу.
