Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ісін Бостандық ауданының No2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:
- тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
- ірі залал келтірген автокөліктерді ұрлаған;
- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да объектiлердiң аумағына заңсыз енген.
- сотталушылардың кінәсін толық және ішінара мойындау;
- соттылығы жоқ;
- тұлғаның жеке деректері;
- жас мөлшері;
- құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлық;
- кәмелетке толмаған балалардың болуы;
- қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі;
- төтенше жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасау.
"Адырна" ұлттық порталы