«Үркер-2023» баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлықтың он екі номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Журналистика саласындағы «Үркер-2023» жыл сайынғы жүлдесін марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Осы жылдың басты ерекшелігі - 12 түрлі номинация. Медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскені айтылған еді. Шорт-листке 48 номинант енді. 12 номинацияның ішінде : «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал». Медиа мамандары үшін маңызды іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. ”Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз”, - деді ол. «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары: 1. Жылдың үздік сұхбаты: Лэйла Тастанова - Time.kz 2. Жылдың үздік репортажы: Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz 3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Амангүл Тілейқызы - El.kz 4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация): Анна Величко - Golos-naroda.kz 5. Жылдың үздік аналитикалық материалы: Меруерт Сарсенова - Kapital.kz 6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Nege.kz 7. Радиостанциядағы үздік жоба: «Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы 8. Жылдың үздік фотосуреті: Валерий Бугаев 9. Үздік өңірлік БАҚ: «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы) 10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы): «Қазақ елі» журналы (Түркия) 11. Үздік подкаст: «OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан 12. Үздік YouTobe каналы: Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live» Барша жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіні мен бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Медиа саласында “үздік” деп танылған әріптестерімізді құттықтаймыз!Ұқсас жаңалықтар
"Құтты қазақтың ошағы Отпан тауда от тұтанған күн!" - Амал мерекесі халықаралық деңгейде тойланып жатыр
