“URKER-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

2428
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/2c2a34cd-3e6d-4675-852d-307fb976cb04.jpeg

«Үркер-2023» баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлықтың он екі номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Журналистика саласындағы  «Үркер-2023» жыл сайынғы жүлдесін марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Осы жылдың басты ерекшелігі - 12 түрлі номинация. Медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды. Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскені айтылған еді. Шорт-листке 48 номинант енді. 12 номинацияның ішінде : «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал». Медиа мамандары үшін маңызды іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. ”Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз”, - деді ол.  «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары: 1. Жылдың үздік сұхбаты: Лэйла Тастанова - Time.kz 2. Жылдың үздік репортажы: Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz 3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Амангүл Тілейқызы - El.kz 4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация): Анна Величко - Golos-naroda.kz 5. Жылдың үздік аналитикалық материалы: Меруерт Сарсенова - Kapital.kz 6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Nege.kz 7. Радиостанциядағы үздік жоба: «Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы 8. Жылдың үздік фотосуреті: Валерий Бугаев 9. Үздік өңірлік БАҚ: «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы) 10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы): «Қазақ елі» журналы (Түркия) 11. Үздік подкаст: «OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан 12. Үздік YouTobe каналы: Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live» Барша жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіні мен бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Медиа саласында “үздік” деп танылған әріптестерімізді құттықтаймыз!
Comments