Оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

1986
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

«Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады»,—деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Пікірлер