4 мыңнан аса жол апаты заң аясында тіркелмеген — Бас прокурор

1367
Adyrna.kz Telegram
Петр Карандашов
Петр Карандашов

Полиция 4 мыңнан аса жол апатын есепке алмаған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы полицейлер жол-көлік оқиғасы туралы мәліметтерді жасырып, бұрмалайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы kolesa.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құқықтық статистиканы бұрмалау әрекеті көбейіп кетті. Кейінгі үш жылда төрт мыңнан аса жол апаты заң аясында тіркелмегені анықталды, — деді бас прокурор Берік Асылов.

BaigeNews.kz хабарлағандай, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті елдегі жол-көлік оқиғасы туралы мәліметті үнемі тексеріп, салыстырып отырады.Дегенмен, жазатайым оқиғаны оған жауапты лауазымды тұлға жеке пайдасы үшін тіркемей, жасырып қалуы мүмкін екенін де айтты.

Сондықтан комитет бақылауды күшейтіп, кінәлі қызметкерлерді қатаң жазалау арқылы жол апатын жасыру фактісін тоқтатуға болады деп санайды.

Прокуратураның айыптауына жауап ретінде ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха жол-көлік оқиғасын жасыру фактісіне қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

Бұл фактілерді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен бірге тексеріп жатырмыз, егер заң бұзғаны анықталса, барлық қызметкер жауапқа тартылады, — деді полицей.

Ақпаратқа сүйенсек, полицейлер статистиканы үнемі өзгерте берген соң осыдан он шақты жыл бұрын жол-көлік оқиғасын есепке алу функциясы прокурорларға берілген.

Биыл 9 айда Қазақстанда жол апатынан 1680 адам көз жұмды. Былтыр 2425 отандасымыз қара жолда қаза тапқан. 2021 жылы — 2270, ал 2020 жылы — 1997 адам. Кейінгі бес жылда елімізде жол апаты 10 мыңнан аса адамның өмірін жалмады, бұл облыстық маңызы бар қала халқының санымен бірдей.

Пікірлер