Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық комитетінің (ERC) 73-сессиясы барысында екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады "Адырна".
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі қаржының не үшін жұмсалатынын түсіндірді:
- медициналық қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін халықаралық ұйымның сараптамалық, әдістемелік және техникалық қолдауын қамтамасыз ету;
- аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау;
- онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АҚТҚ, ЖИТС, туберкулезбен күресу;
- медициналық кадрларды даярлау;
- халықпен ақпараттық жұмыс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният өткен екі оқиғаның – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі жаһандық конференцияның және ДДҰ Еуропалық аймақтық комитетінің 73-ші сессиясының ерекше маңыздылығын атап өтті, онда 80 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері, ДДҰ сарапшылары мен мамандары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Азаматхан Әміртай өзін "Байтақ" партиясы қатарынан шығарып жібергені туралы ақпаратты қара пиарға балады