ӘСКЕРИ ЭСТАФЕТА ӨТТІ

3756
Adyrna.kz Telegram

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы жыл сайынғы дәстүрге сай Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысы Жеңістің 74 жылдығы мерекесі алдында жалауы желбіреген эстафета ұйымдастырды.

Эстафетаға барлығы 15 команда қатысты. ТарМУ әскери кафедрасының оқу топтарының атынан 12 команда, Тараз-инновациялық гуманитарлық университетінің атынан 1 команда және №5513, №28903 әскери бөілмшенің командаларының курсанттары сынға түсті.

Жиынды университет ректоры Махметғали Сарыбеков ашты. Университет басшысы қатардағы жауынгерлерді ресми мереклерімен құттықтап, Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған эстафетаға сәттілік тіледі.

Сайысқа түсушілер топқа бөілініп, эстафетаны тартысты бастады. Сарбаздардың дене дайындығы 8 кезең бойынша сыналды. Алдымен, жауынгерлер Калашников автоматын белгіленген уақыт ішінде шашып қайта жинау шеберлігі бойынша сынға түсті. Бұл сынақты оңай еңсерген сарбаздарға газға қарсы тұмылдырықпен 100 метр қашықтыққа жүгіру кезеңінде де шапшаңдық танытуға тура келді. Одан соң, жалпы әскери қорғаныс кешенін киіп, қайтадан 100 метрге жүгіру де сарбаздарға қиындық тудыра қоймады. Төртінші кезеңде сарбаздардың гранатамен нысаны дәлдеу шеберлігі сыналды. Граната лақтыру сынағынан кейін эстафетаны алған жауынгерлер жаралы қаруласын 100 метр жерге көтеріп апарып, 12 рет кермеге тартылу, 10 рет 24 келі кір тасын көтеру бойынша күш сынасты. Одан ары 400 метр қашықтықты бағындырды. Эстафета жолындағы түрлі қиын тапсырмаларды түгелдей сәтті орындап шыққан команда мүшелері эстафета басталған орынға қайта оралды. Барлық кезеңдерде шапшаңдық танытқан командалар мәре сызығына бірінен соң бірі ағылып жатты.

Сондай-ақ, сынға қыздарда түсті. Олар АК-74 автоматын шашып, қайта жинаудан жарысты. Нәтижесінде университетіміздің қыздары үздік шықыты.

– Маған әскери өмір, ондаға тәртіп бала кезімнен ұнайтын. Мектеп кезенде әскери дайындық сабағы болды. Ол кезде аса қатты әскери өмірдің қыр сырын ұға алмадым. Ал, қазір университеміздің әскери кафедрасында екінші жыл оқып жатырмын. Өз арманыма қол жеткіздім. Нағыз қайнаған әскери өмірдің ортасында жүрмін. Автоматты оңай шашып, тез жинай аламын. Соның нәтижесінде бүгін үздік танылып отырмын. Жылсайын өтетін эстафета ары қарайда жалғасын таба берсін,–деді эстафетаға қатысушы Диана Мейрамова.

Эстафета ойындарының шешуші кезеңінде қатысушылар 1 км қашықтыққа жүгірді. Ойын соңында жауынгерлер арасында арқан тартыс, қол күрес, 24 келі салмақтағы кір тасын көтеру бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде университетіміздің №13 тобы қарсыластарын баса озып шығып, І орынға ие болды. ІІ орынды ТИГУ-дің студенттері алса, ІІІ орын тағы да №15 ТарМу-дың командасы жеңіп алды.

 

Жеңімпаздарды әскери кафедра бастығы Сағат Мұқұшев марапаттап, дәрежелі дипломдармен бірге мерекелік торт тарту етті. Сонымен бірге, эстафета ойындары барысында өткізілген спорттық сайыстарда топ жарған жекелеген қатысушыларға да дипломдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

 

WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.19   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.21   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.22

WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.23 (1)   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.23   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.26 (1)

WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.26   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.27   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.28 (1)

WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.28   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.29   WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.30

WhatsApp Image 2019-05-08 at 09.52.32

Пікірлер