Өзбекстанда екі күнде автокөліктің жылдық көлемі сатылды

1290
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның автакөлік шығаратын UzAuto Motors компаниясы елдің ішкі нарығына 2024 жылы шығару жоспарланған Chevrolet Cobalt, Damas және Labo автокөліктерінің көлеміне келісімшартты екі күнде аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Компания мәлімет еткендей, 25 және 26 желтоқсанда сатып алушылармен автокөліктерді келесі жылы жеткізуге 171,2 мың келісімшарт жасалған. Келісімдер онлайн қосымшалар арқылы жасалған.

Компания өкілдері онлайн сату кезінде кибершабуылдар кесірінен техникалық ақау туындап отырғанын да жасырмады.

«UzAutoSavdo онлайн сауда жүйесінде 7 мың кибершабуыл бақыланды. Осы кезеңде жүйеде барлығы 3 млн-нан астам белсенді сеанс тіркелген. Компанияның колл-орталығы 3 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді», деп хабарлады UzAuto Motors компаниясы.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан үкіметі «алыпсатарлармен» күресу және барлық тұтынушыларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында жаңа көліктерді сату ережелеріне өзгерістер енгізді.

Жаңа ережелерге сәйкес, 12 ай ішінде екіден астам сатып алу-сату шартын жасасқан клиентпен машинаны жеткізуге жаңа келісім-шарт жасалмайды.

Пікірлер