4 ақпан күні кешке Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Онежское көлінің үстінде оқу-жаттығу ұшуы кезінде Солтүстік-батыс авиациялық-құтқару орталығының Ми-8 тікұшағы Карелия Республикасының Прионежский ауданындағы Деревянное елді мекені аймағында байланысқа шықпай қалды», - делінген хабарламада.
Бортта экипаждың үш мүшесі бар. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей саясаткері: "Украина, Қазақ елі, Грузия... Империя құру үшін тыраштанған Ресейдің тас-талқаны шықты"
