Ақтөбе облысында вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп.
«27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар-Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында жүк пойызының 58 вагонының 8-і рельстен шығып кетті», - делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Аталған жерге қайта қалпына келтіру пойыздары жіберілгені айтылды. Апаттың себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.