Қырғызстандағы апат: 12 полиция қызметкері жазаланды

913
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Қырғызстандағы апаттан соң Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, бірнеше полиция қызметкері жазаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметі іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2 мамыр күні Созақта өткен "Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған аудандық деңгейдегі мектеп флешмобын өткізу кезінде болған қайғылы оқиғадан соң Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Жалал-Абад облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мен Созақ аудандық ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылды.

Пікірлер