Түркістан облысында қорапқа салынған сәбидің өлі денесі табылды

1097
Adyrna.kz Telegram
Фото: pexels
Фото: pexels

Түркістан облысында қорапқа салынған сәбидің өлі денесі табылды. Белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болған.

«Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Пікірлер