Тележүргізуші Майя Бекбаева желідегі парақшасында Президентке үндеу жасап, ұлт қазынасы Қаныш Сәтбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Оның айтуынша, Қаныш Сәтбаев тек ғалым емес, ол – соғыс жылдарында КСРО-ны шикізатпен қамтамасыз ету арқылы Жеңіске үлес қосқан стратег. Оның еңбегі – тек ғылымдағы жетістік емес, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекетке қызмет етудің жарқын үлгісі екенін атап өтті.
"Бүгін мен сенатор, академик әрі ғалым Алтынбек Нұхұлымен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің атына Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы өтінішпен бірлескен хатқа қол қойдық.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, Қазақстан мен қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесін еске ала отырып, қазақ ғылымының негізін қалаған көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімін атамай кету мүмкін емес. Оның тек Қазақстанның дамуына ғана емес, гитлерлік Германиямен болған соғыста бүкіл Кеңес Одағын құтқаруға, оның түпкілікті жеңісіне және фашизмнен бүкіл әлемді аман алып қалуға қосқан үлесін бағалау қиын. Бұл марапат пен мойындау Сәтбаевтың өзіне емес — біздің қоғамға, қазақстандық жастарға және болашақ ұрпаққа қажет. Олар білуі, есте сақтауы және сенуі тиіс: нағыз патриотизм, Отанға деген махаббат, халық үшін адал еңбек, адамгершілік, әдептілік пен батырлық қоғам мен мемлекет тарапынан әрқашан лайықты бағаланады. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы @tokayev_online, Сізден Қазақстанның жарқын болашағы үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру актісін жүзеге асыруыңызды азаматтық парызым деп сұраймын", - деп жазды ол бір күн бұрын.Алайда, бұл ұсынысқа қарсы пікір де бар. Журналист Жарылқап Қалыбай бұл бастаманы сынға алды.
Қаныш Сәтбаев - Қазақтан шыққан тұңғыш академик-геолог, Қазақ ССР Ғылым академиясының негізін қалаушы, тұңғыш президенті, Жезқазғанның мол кен қорын дәлелдеп, ауыр өнеркәсіптің дамуына жол ашқан. Ленин орденінің төрт дүркін иегері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты болды.