Жер бетіндегі жаһаннам. Сұрауы жоқ ҚарЛаг

1987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/a638b5a8-1fde-4552-9e7c-10fdb8191ac2-960x500.jpeg?token=6b8d9cd40dcf86c93a1b3eefff42fa14

Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбаны болған мыңдаған жазықсыз адамдардың тартқан азабына тозақ болған  «ҚарЛаг» лагері құрылған күн.

Қарағанды облысы, Долинка кентіндегі «ҚарЛАГ» лагері 1930 жылы алғашқыда «Еңбекпен түзеу лагері» болып құрылған. 2009 жылдан бері бұл орын музейге айналды.

«ҚарЛАГ» ГуЛАГ-тың құрамына кіргендіктен, тек Мәскеуден басқарылып отырды. Өзінің жеке поштасы, баспаханасы және банкі бар еді.

«1937 жылы №486 бұйрыққа сәйкес жазықсыз жалаға ұшырағандардың отбасы мүшелері, оның ішінде балалары 12 жасқа толса, олар да аналарымен бірге лагерьге әкелінді. Әйелдерге арналған сол кезде ірі төрт лагерь бар еді. «АЛЖИР» лагері құрылған кезде бірден 2000 әйел тұтқынға алынды. Оның 600-і жүкті еді. Олар жатқан барақтарда ешқандай да жағдай болмады. Тіпті, босанатын бөлмелері де жоқ еді», дейді музейдің ғылыми қызметкері Андрей Дребезгов.

1940 жылға дейін түрлі баппен сотталғандар бір камерада жазасын өтеді. Содан болар, түрмелерге адамдар сыймай жатты. 85 адамға лайықталған камераға 200 кісіні қатар жатқызды.

1931 жылы ҚарЛАГ аумағы 53 мың гектар болса, 1950 жылы 2 миллион гектар болды. Бұл дегеніміз – Францияның жер көлемімен шамалас еді.

Пікірлер