Қазақстанда ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдердің спортқа қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. 2024 жылы басталған AUYLSPORT жобасының аясында Halyk қайырымдылық қоры мен еліміздің баскетбол және волейбол федерациялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Спорт – ауыл болашағының тірегі
Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қоры ауылдардағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдап келеді. Соның жарқын мысалы – AUYLSPORT жобасы.
Ынтымақтастық аясында тараптар келесі бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:
- ауыл жастары үшін қолжетімді спорттық секциялар ашу;
- жаттықтырушыларды қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру;
- төрешілер корпусын жасақтау;
- өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстар өткізу;
- спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету.