Астанада EuroFest 2025 фестивалі өтіп жатыр

1070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/whatsapp-image-2025-06-01-at-11.52.09-960x500.jpeg?token=6bce6017ebd9b94ea4ad4ceb4eb788ea

1 маусым күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Ғашықтар саябағында EuroFest 2025 фестивалі ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасы өте мазмұнды әрі қызықты. Келушілер Еуропа елдерінің ұлттық тағамдары мен сусындарынан дәм татып, түрлі елдердің мәдениетімен жақынырақ таныса алады. Сонымен қатар, іс-шара аясында Еуропалық Одақтың Қазақстан мен Орталық Азияда жүзеге асырып жатқан білім беру, инновация және тұрақты даму салаларындағы жобалары таныстырылады.

Фестиваль аясында түрлі музыкалық және би қойылымдары өтеді. Күні бойы испан фламенкосы, румын билері мен неміс әндері шырқалып, хорват мәдениетінің көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық аймағы мен шығармашылық шеберханалар жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, EuroFest 2025 тек мәдени шара ғана емес, қайырымдылық миссиясы бар әлеуметтік жоба. Фестиваль барысында жиналған барлық қаражат жергілікті қайырымдылық ұйымдарына бағытталады.

Бұл — бірлік пен мәдени әртүрлілікті дәріптейтін, қоғамға деген жанашырлықты алдыңғы қатарға қоятын нағыз еуропалық мереке. Елорда тұрғындары мен қонақтарын осы жарқын оқиғаның бір бөлігі болуға шақырамыз.

Пікірлер