Тоқаевтың өкімімен Амангелді Омарбеков жұмыстан босатылды

889
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-58.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Амангелді Омарбековты қызметінен босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол шамамен үш жыл бойы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Жағдайлық орталықтың меңгерушісі қызметін атқарған.

Бұл ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Омарбеков Амангельді Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Жағдайлық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Амангелді Омарбеков 1982 жылы дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясында құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінде әскери және мемлекеттік басқару бағыты бойынша магистратураны тәмамдаған.

2005–2016 жылдар аралығында арнайы мемлекеттік органдарда қызмет етті. 2016 жылдан бастап 2022 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығында инспектор, сектор меңгерушісі және хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарған. 2022 жылдың тамыз айында Президент өкімімен Қауіпсіздік кеңесінің Жағдайлық орталығының меңгерушісі болып тағайындалған болатын.

Пікірлер