«Туған жер, саған мың тағзым!»

8347
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жариялаған «Туған жер» шығармашылық байқауының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Осы күнге дейін 500-ден астам келіп түскен еңбектер әлі де толастар емес. Айта кетейік, қатысушылар «Үздік мақала», «Үздік поэзия», «Үздік бейнелеу өнері», «Үздік өнертабыс», «Үздік бейнеролик» және «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациялары бойынша бақтарын сынауда. Туған жерінің қадір-қасиетін ұғынып, қымбат екендігін жүрекпен сезінген жастардың еңбегін көрген кезде таң қалмау мүмкін емес. Туған жерге жасаған тағзымын бірі сөзбен жеткізсе, ал бірі өлеңіне қосуда. Жастардың бірі жүрекпен ән шырқаса, ал өзге жастар суретпен, бейнелі өнерлерімен сезімін жеткізуде. Енді бірі туған жердің әсем көрінісін бейнеролик арқылы тамашалауға мүмкіндік туғызуда. Ақын Қасым Аманжолов:
Шықшы тауға қарашы, кең далаға,
Мәз боласың ұқсайсың жас балаға.
Ол шетімен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?,-
деп текке жырламаса керек-ті. Рухты жастарымыздың қатары артып, Отанымыздың, кең даланың табиғатын бейнелеуге ат салысуда. Мұның өзі туған жердің көркеюіне біршама үлес деп ойлаймыз. Еліміздің көркем байлықтарымен мақтана, жарыса жырлаған жастар да тап осылай туған жерін насихаттайтыны сөзсіз. Ендеше, туған жердің дамуына үлесін қосып жатқан қатысушыларға сәттілік тілейміз! Талаптарыңыз шыңдалып, еңбектеріңіз жана берсін!

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі

Пікірлер