Түркістан облысының әскери бөлімінен қару-жарақтарды ұрлап қашқан әскери қызметшінің төртінші сыбайласы ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ер адамды танысының үйінде жасырынып жатқан жерінен қолға түсірді. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі «Макаров» және травматикалық тапанша тәркіленді. Бұған дейін құзырлы органдар әскери қызметшіден атыс қаруын сатып алған оның үш досын ұстаған болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған барлық қару тәркіленді. Олар – 29 «Калашников» автоматы мен 28 «Макаров» және травматикалық тапанша, сондай-ақ 2 дана пышақ. Бүгінгі таңда қаруды қылмыстық мақсатта пайдалану қаупі жоқ деп сеніммен айтуға болады», - делінген ақпаратта.
Бұл іс бойынша күдікті ретінде 8 адам жауапкершілікке тартылуда.
Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектікке шығудың құны қанша? Пара бермесең, балаңды комиссия «сау» деп тауып, жәрдемақыдан айырады...
«Әрбір жобаға 3 миллион теңге»: «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы жастарға мол мүмкіндік сыйлауда