Футболшы Самир Насри жоғалып кетті

3234
Adyrna.kz Telegram

Бельгияның «Андерлехт» футбол клубының жартылай қорғаушысы, француз Самир Насри БАӘ-де коронавирустық пандемия кезінде жоғалып кетті, - деп хабарлайды әлемдік БАҚ.

Басылымның мәліметінше, Бельгияның «Андерлехт» футбол клубының 32 жастағы футболшысы Самир Насри БАӘ-ге наурыздың соңында, оның командасы карантинге кеткен кезде барған. Сол уақыттан бері ол байланысқа шықпаған, сонымен қатар әлеуметтік желілерде фотолар мен жазбалар жариялауды тоқтатты.

1 сәуірде өзінің Инстаграм парақшасындағы соңғы жазбасында "Марсель" футбол клубының бұрынғы президенті Пап Диуфтың коронавирустан  қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан.

«Андерлехт» жаттықтырушылар құрамы барлық ойыншыларға өздерінің іс әрекеттері туралы басшылықты хабардар етуді, сонымен қатар жаттығулар туралы есептерді арнайы қосымшаларға жіберуді міндеттегені атап өтілген. Насри бұл ережені сақтамаған жалғыз брюссельдік ойыншы болды.

Самир Насри «Андерлехтке» 2019 жылдың жазында ағылшындық «Вест Хэмнен»  еркін агент ретінде қосылды. Француз футболшысының мансабындағы ең танымал клубтар "Манчестер Сити" мен "Арсенал" болды. Франция  ұлттық құрамасының сапында ол алаңға 41 рет шыққан.

 

Пікірлер