"Жекпе-жекке дайынмын". "Канело" Головкинмен үшінші кездесуге байланысты пікір білдірді

3135
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақта WBA Super, WBC Franchise белбеуінің, екінші орта салмақта Regular белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Vesti.kz - ке сілтеме жасап.

Еске салайық, екі боксшы осыған дейін 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде екі рет кездескен болатын. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелсе, екінші кездесуде төрешілер жеңісті "Канелоға" берді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі еді. Енді олардың үшінші кездесуі 2021 жылдың мамырында өтеді деген сыбыс бар.

"Головкинмен кездесу мен үшін қызық емес. Мен оны екі рет жеңдім. Бірақ егер бұл бизнес жағынан бізге керек болса, онымен үшінші рет кездесуде келісімімді беремін", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін Infobae.com басылымы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер