Месси аңыз футболшы Пеленің "мәңгілік" рекордын жаңалады

5452
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/12/kmo_148127_01508_2_t218_200459.jpg
"Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Бразилия құрамасында әлемнің үш дүркін чемпионы болған Пеленің бір клуб үшін соққан голдарының саны бойынша жетістігін жаңартты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.  Месси Испания чемпионатының 15-турында "Вальядолидаға" қарсы ойынның 65-минутында есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл осы ойындағы соңғы гол болды. Енді 33 жастағы аргентиналық футболшының "Барселона" үшін соққан голы 644-ке жетті. Бұл - жаңа рекорд. Месси 2004 жылдан бері "Барселона" сапында. Пеле "Сантос" клубында 1956-1974 жылдар аралығында ойнап, 643 гол соққан болатын. Осыған байланысты Пеле әлеуметтік желі арқылы Мессиді құттықтап, бір команда сапында ұзақ жыл ойнап, рекорд жасайтындар қатары сирей беретінін атап өтті.
Пікірлер