Швейцария Конституциясына бетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң енгізілетін болды. Жексенбі күні өткізілген референдум барысында халықтың басым бөлігі заңды қолдаған. Референдумда халықтың 51,21 пайызы заңды қолдаса, 48,7 пайыз халық қарсы болған. Жалпы референдумға ел халқының 51,4 пайызы қатысқан.
Енді Швейцариялық мұсылмандарға хиджаб, никаб, пәрәнжә киюге болмайды. Сондай-ақ футбол фанаттары тағатын бетті бүркемелейтін түрлі киімдерге де тыйым салынған.
Референдумда электронды төлқұжат енгізу мәселесі де көтерілді. Алайда халық ол ұсынысты қолдамады.
Бетті бүркемелейтін киімдерге тыйым салу заңы Швейцарияда үлкен талас-тартыс туындатуда. Әсіресе мұсылмандар арасында. Көпшілік "бұл дін ұстану еркіндігіне қарама-қайшы" дейді.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, «Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Алаш идеясы діни идея ма? Елдос Тоқтарбай Алаш қайраткерлерін тек діни контексте қарастырғысы келетін сияқты.
Намазды біз де оқимыз. Бірақ Ринаттың сөзіне туламадық. Оның нұсқап отырған алаяқтары сапында жоқ екенімізді жақсы білеміз.
