Мамырда екі миллион адамға вакцина егеміз – премьер-министр

3285
Adyrna.kz Telegram

Мамыр айында екі миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бүгінгі күнде өңірлерге 2,3 миллионнан астам вакцина жеткізілді. 1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Мамырда екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - деді премьер-министр.

Сонымен қатар ол Қазақстанда вакцинаның қажетті көлемі бар екенін, вакциналаудың қазіргі қарқынын төмендетпей, тек ұлғайту қажет екенін де айтты.

Мамин вакцина алғандар санының артқанына қарамастан, адамдар санитарлық нормаларды қатаң сақтауға тиіс екенін ескертті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер