Қазақстан қырғыз еліне 10 мың тонна ұн жібермек

3864
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға қазақ халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер