Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

3707
Adyrna.kz Telegram

Бүгін талантты әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.

Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлдада Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов "Top Chinese Music Awards" номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші "Азиядағы ең атақты әнші" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындаған.

15 сәуір 2017 Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer 2017" жобасында екінші орын алды.

Әншінің ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Өнер иесінің Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер