Павлодарлық полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

2847
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/zheti-2.jpg
Павлодар облысында асылып қалған полицейдің денесі табылды. ПД мәліметінше, тәртіп сақшысы өзіне қол салған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«5 шілдеде сағат 23:40-та Ақсу қаласында өзін-өзі асып өлтірген полиция майорының денесі табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Орумбаев.
Қазіргі таңда полицейдің бұл әрекетіне не түрткі болғаны анықталуда.
«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», – деді Орумбаев.
Басқа мәліметтер туралы әлі хабарланбады. Айта кетсек, Тергеу жүргізіліп жатқан «Суицидке апару» бабы санкцияларында 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер