Елена Рыбакина Олимпиаданың қола медаліне таласатын болды

4251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/tөrt-7.jpg
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 12 орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен еді. Бұл кездесу 2 сағат 44 минутқа созылды. Тартысты кездесуде Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер