Бүгін — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004) Төлен Әбдік дүниеге келген күн. Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған.
- 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.
- 1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
- 1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
- 1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.
- 1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.
- 1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.
- 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі.
- 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар