Түркістанда ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі басталды

2853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/eddff9f0-f97c-41af-b77c-56c6b2b637e8.jpeg
Түркістанда халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Байқауға Әзербайжан, Башқұртстан (РФ), Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан (РФ), Тәжікстан мен Түркиядан барлығы 57 өтінім келіп түсіп, оның 49-ы іріктеуден өткен. Айта кетейік, шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Мәжіліс депутаты, ақын Мақпал Тәжмағамбетова, ардагер режиссер-мультипликатор Тамара Мұқанова, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты Басқарма Төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов, Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен анимация мамандары жиналды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер