«Барселона» футбол клубының бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Испаниялық футболшы Хавьер Эрнандес Креус (Хави) «Барселонаның» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың Twitter парақшасындағы хабарламада айтылған.
41 жастағы маманмен келісімшарт 2024/25 маусымының соңына дейін жарамды. Хави 8 қарашада Барселонаға келеді деп күтілуде, клуб оның қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді. 28 қазанда Рональд Куман «Барселонаның» бас бапкері қызметінен босатылды. Маман Испания чемпионатында Райо Вальекано клубына қарсы ойында Барселонаның 0:1 есебімен жеңілгенінен кейін қызметінен босатылды. Клуб Куманға келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 12 миллион еуро төлеуге уәде берді, деп хабарлайды El Pais.It was meant to be. Welcome home. pic.twitter.com/gdGdFedk7t
— FC Barcelona (@FCBarcelona) November 6, 2021
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар