G20 саммиті. АҚШ президенті Мемлекет басшысын Майамиге шақырды

133
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vFCo3BzsVqubOrQnYJPGNYMQXKH6tuIrxCBkELWA.webp

Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қонақ ретінде шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Трамп өз әлеуметтік желісінде Truth Social парақшасында сөйлесу туралы жазып, Қазақстан мен Өзбекстан президенттерін келесі жылы АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырғанын жазды.

АҚШ президенті Қазақстанмен қатынастардың «тамаша дамып келе жатқанын» атап өтті. Сонымен қатар, ол екіжақты телефон әңгімесі барысында мемлекет басшылары әлемдегі кейбір даулы аймақтарда бейбітшілікті орнату, сондай-ақ елдер арасындағы сауда мен әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылағанын айтты.

Қазақстандық тарап мәлімдегендей, Қасым-Жомарт Тоқаев телефон әңгімесі барысында қарашада Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді толық іске асыруға ниетті екенін растаған. Сондай-ақ, Украинадағы қақтығысты реттеу қиын екенін, оның ішінде территориялық мәселелер басты назарда екенін жеткізді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеттерін ерекше атап өтіп, бұл қасиеттер халықаралық әскери қақтығыстарды тоқтатып, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуге мүмкіндік бергенін айтты.

 

댓글
기타 기사