Көбіне мақтаулы әкім болған. Премьердің бірінші орынбасары тағайындалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rUpfGwK0vzSdVUkdrGhTR6jeoblDbvJ3f4yr6hO8.jpg

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 6 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,-делінген хабарламада.

Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Қызылорда облысын басқарған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын Роман Скляр атқарған еді.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы,  2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі болған. Ал 2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі,  2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі міндеттерін атқарған. Cодан беріде Қызылорда облысы әкімі болған.

Көбіне аймақта әкімдік қызметінде болған Нұрлыбек Нәлібаевтің белгілі шенеунік марқұм Бердібек Сапарбаевтың  немере інісі екені айтылады. 

댓글
기타 기사